Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады әрі жаңбыр жауады.
Оңтүстіктегі таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, түнде Ақмола облысының солтүстігінде жаңбыр және қар жауады.
Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында жауын-шашын болмайды.
Елімізде жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдайды.
Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Жамбыл облысында жел күшейіп, оның екпіні 30 м/с-тан асады.
Түнде Жетсіу облысының орталығында және таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.