Экс-президент халықаралық ұйымдардан көмек сұрап отыр
Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили өлім аузында жатыр, деп хабарлайды Politico басылымы.
Басылым мәліметінше, түрмеде отырған саясаткердің денсаулығы нашарлап, хәл үстінде жатқаны айтылған. Ол халықаралық ұйымдардан көмек сұрап отыр.
«Түрмеде денсаулығым әбден нашарлап бітті. Өлім аузында жатырмын. Маған психологиялық, физикалық қысымдар жасалып жатыр. АҚШ-тың қоғамдық ұйымдарынан өмірме араша түсуін сұраймын. Маған көмек бермесеңіздер, мен жақында өліп қалуым мүмкін», - деді экс-президент.
Айта кетейік, Михаил Саакашвили 2021 жылдың 1 қазанынан бастап түрме отыр.