Шымкентте жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
Анықталғандай, жұдырықтасқандар футбол командаларының жанкүйерлері болып шыққан
Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері төбелесіп қалды. Оқиға орнына барған полиция 20 адамды ұстап әкеткен, деп жазады nur.kz.
Бүгін әлеуметтік желілерде топ-тобымен жанжалдасқан ер адамдардың видеосы тарады. Анықталғандай, жұдырықтасқандар футбол командаларының жанкүйерлері болып шыққан. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіпсіздік жасаған 20 адам ұсталған.
Еңбекші АПБ-на 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі «Прага» кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай,«Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алған. Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда, - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаменті.
Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!