БҚО-да әйелін пышақтап кеткен ер адам ұсталды

Халық үні

Күдікті қаншама ізін жасыруға тырысқанымен, кеше түнгі сағат 22:30-да қолға түсті.

фото: ПД

Батыс Қазақстан облысында әйелін өлтірмек болған тұрғын ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 

Айта кетейік, Бәйтерек ауданы Переметный ауылында 33 жастағы тұрғын өзінің әйелін пышақтап, оқиға орнынан бой тасалаған еді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдікті қаншама ізін жасыруға тырысқанмен, кеше түнгі сағат 22:30-да қолға түсті.

«Оқиға болған бойда дабыл бойынша Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрамы тік көтеріліп, күдіктіні іздеуге жұмылдырылды. Соның нәтижесінде ол бір тәулікке жетпейтін уақыт ішінде ұсталды.

Қазір ол қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігіне («Кісі өлтіруге оқталу») сәйкес тергеу амалдары жалғасып жатыр. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адамға 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп хабарлады ведомстводан.