Halyq Uni логотип
×

Қызылорда облысында аяусыз соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайы ауыр

15 жастағы жасөспірім ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген

 Халық үні 09.04.2023 | 07:31
Қызылорда облысында аяусыз соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайы ауыр
Фото: t.me/egovpress

Дәрігерлер Қызылорда облысы Қазалы ауданында соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайы ауыр екенін айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Бас сүйек-ми жарақатын алған.

«Жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Емдеу шаралары жүргізілетін болады», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Әлеуметтік желіде жасөспірімді белгісіз азаматтардың ұрып-соғып жатқаны туралы видео жарияланған соң полиция 5 оқушыны ұстады.

«Кәмелетке толмаған баланы жабылып соққыға жыққан Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің 5 оқушысы екені белгілі болды. Олар 7 сәуірде аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазір соққыға жығылған бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайы бірқалыпты», - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.

Осы факті бойынша тергеу басталды.

«Қазір зардап шеккен оқушы ауруханада ем алып жатыр. Аудан әкімі және облыстық білім басқармасының басшысы 8 сәуірде жасөспірімге барып, оның жағдайын білді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама