Halyq Uni логотип
×

«Байқа деп айтып жүретінмін»: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі оның адам қолынан қаза тапқанын айтты

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында бұрынғы күйеуі өмірінің соңғы жылдары сырқаттанып қалғанын айтты

 Халық үні 08.04.2023 | 23:47
«Байқа деп айтып жүретінмін»: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі оның адам қолынан қаза тапқанын айтты
Фото: Азаттық радиосы

Белгілі саясаткер марқұм Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында бұрынғы күйеуі өмірінің соңғы жылдары сырқаттанып қалғанын, адам қолынан қаза тапқанын айтты.

«Зәкең Мақпалға кеткеннен кейін мен оны теледидардан ғана көріп отырдым. Теледидарға шығып, есеп беретін еді. Ұлы Қайратқа әкесінің жанында болсын деп тапсырдым, Құралай сирек, тек туған күнінде баратын. Ол кісінің қан қысымы көтеріліп кетеді, біреуге ренжісе жүрегі ауырып қалатын. Ана жақтағы өмірінің қандай болғанын естігенбіз. Кереметтей өмір болған жоқ. Сондықтан байқа деп айтып жүретінмін. Кісі қолынан кететінін қайдан білейін. Солай Қайрат әкесіне барып тұрды. Өмірден өтер кезде Құралайдың тігін шеберханасына барып, қызынан кешірім сұрады. «Қызым, мен жақсы әке болдым, ба, жаман әке болдым ба? Мені кешір» деген екен. Құралай денсаулығын сұрағанда: «Денсаулығым нашар, қызметімнен түстім. Менің өмірім қызмет еді» деп жауап берген. Қызым: «Әке, менімен тұр, болмаса Қайратқа қайт» деп айтқан көрінеді. Сонда «қайтам ғой» деген екен. Заманбек қызымен қыркүйекте кездескен, ал қараша айында дүниеден озды», – дейді Нұрбике Нұрқаділова.

Оның айтуынша, саясаткердің тұрған үйі Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға қалған.

«Мен ол кісінің өмірінің соңғы жылдары тұрған үйіне дүние салғаннан кейін ғана бардым. Луганский көшесінде орналасқан үйіне бармаппын. Ол үй қазір ана келіншекке (Мақпал Жүнісова) қалды», – дейді саясаткердің бірінші әйелі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама