Halyq Uni логотип
×

ШҚО медициналық қызмет көрсету сапасына шағымдар саны бойынша қызыл аймаққа енді

Өңірде денсаулық сақтау объектілерінің 86%-ы санитариялық талаптарға сәйкес келмейді

 Динара Амантай 08.04.2023 | 17:46
ШҚО медициналық қызмет көрсету сапасына шағымдар саны бойынша қызыл аймаққа енді
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Ажар Ғиният Шығыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеңестің жұмысына Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, СЭБК, МФБК аумақтық департаменттерінің, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаурра Ахметнияз 2022 жылғы Шығыс Қазақстан облысы бойынша медициналық қызметтер және дәрілік заттар айналымы саласындағы бақылау нәтижелері туралы шолу баяндамасымен сөз сөйледі.

Мәселен, өңірлерді негізделген шағымдар бойынша саралау нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы «қызыл аймақта» – шағымдардың 50%-дан астамы негізделген. Медициналық қызметтердің сапасына қатысты шағымдар айтарлықтай үлес қосады.

Облыс бойынша ана өлімінің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 57%-ға төмендеді.

Л. Ахметнияз босандыру және балалар саласындағы емдеу-диагностикалық, тәсілдік және ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар кемшіліктерге назар аударды, сондай-ақ пациенттерді қолдау қызметінің әлсіз жұмысына және медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен жабдықталуының төмендігіне назар аударды.

Сөзінің қорытындысы бойынша Л. Ахметнияз кадрлық әлеуетті сақтау және тарту, пациенттерді қолдау қызметін жетілдіру, халық проблемаларын жедел шешу сияқты проблемалық мәселелерді шешудің нақты жолдарын ұсынды.

Кездесуде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова да сөз сөйледі.  

Зәуре Ахметова өз сөзінде денсаулық сақтау объектілерінің 86%-ы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау нәтижелері бойынша санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтініне назар аударды.

Тексеру нәтижелері бойынша 4 млн теңгеден астам сомаға 573 әкімшілік хаттама жасалды, 148 нұсқама беріліп, 27 адам жұмыстан шеттетілді. Сотқа 18 материал берілді. Сонымен қатар, елімізде қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, ұлттық күнтізбе шеңберінде тиісті халықты профилактикалық егулермен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста тиісті халықты профилактикалық егулермен қамту 96,2%-ды құрады, сонымен қатар бірқатар аудандарда (Алтай, Зайсан, Шемонайха аудандары және Риддер қаласында) вакцинациялаумен қамту көрсеткіштеріне қол жеткізілген жоқ. Бұл жағдай халықтың иммундық емес қабатының жиналуына және өсуіне және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршуіне әкелуі мүмкін.

Қорытындылай келе, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін жұмыс бағыттарын белгіледі.

Пациенттерді тасымалдау мақсатында жету қиын аудандар үшін жерүсті көліктерін сатып алу, барлық медицина қызметкерлерін СЖЕ- ға оқыту қажет, сондай-ақ өңірді қаржыландыруды егжей-тегжейлі талдау қажет, – деп түйіндеді Ажар Ғиният.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама