Түркістанда 150 келідей заңсыз ауланған балық тәркіленді
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс тіркелді
Түркістандық полицейлер 150 келідей заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Уылдырық» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы аясында Мақтарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактісін анықтаған. Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балықтары, 1 дана үрмелі резеңке қайығы, 2 дана шанышқы құралы тәркіленді.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3- бөлігі «Балық, ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша тіркелді.