Halyq Uni логотип
×

«Адам төзгісіз иіс бар»: ШҚО-да жасырын істеп келген шошқа фермасы анықталды

Лесхоз кентінің тұрғындары шошқа фермасына он жылдан бері наразы болған

 Халық үні 08.04.2023 | 03:46
«Адам төзгісіз иіс бар»: ШҚО-да жасырын істеп келген шошқа фермасы анықталды
фото: ашық дереккөзден

Глубокое ауданы Лесхоз ауылындағы «Митин А.Б.» жеке кәсіпкерлігіне былтыр күзде ауыл ішінде шошқа ұстауға сот тыйым салған. Бірақ кәсіпкер заңсыз кәсібін жасырын істеуді тоқтатпаған. Бұл туралы облыстық экология департаменті хабарлады. 

Лесхоз кентінің тұрғындары шошқа фермасына он жылдан бері наразы болған. Олар бұл кәсіптің ластығына, ауызсу былғанғанына шағымданған. Осыдан кейін экология департаменті кәсіпкерлікті сотқа беріп, сотта жеңіп шықты. 

Ақпаратқа қарағанда, кәсіпкер сот орындаушылар келгенде шошқаларын басқа жаққа жасырып, кеткенде алып келіп отырған. Оның бұл әрекетін жергілікті халық байқап қалған.

«Митин А.Б.» ЖК шошқаларды ұстауды жалғастыруда және оның учаскесінен шошқа қоймалжыңымен ластанған еріген су ағып жатыр, атмосфералық ауада шошқа фермасынан шығып жатқан адам төзгісіз иіс бар, оның құрамындағы заттар адам денсаулығына зиянды. Осыған байланысты, жергілікті тұрғындармен кездесу нәтижелері бойынша және ұсынылған материалдар негізінде Экология департаменті Әділет департаментінің алдында Өскемен қаласының Шмелов Лог ауданындағы шошқа фермасының және Лесхоз кентіндегі сою цехының қызметін тоқтату туралы атқарушылық іс қозғауға қайта бастамашылық жасайды. Бұл мәселе ерекше бақылауға алынды», деп хабарлады экология департаментінен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама