Басшыларға инвестиция көлемін арттыруға тапсырма берілді
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен энергетикалық кеңестің отырысында «жетілген» мұнай кен орындарын одан әрі игеру жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Отырыста өндіріске тартылған инвестициялар көлемін ұлғайту және кен орындарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, салық салу, жұмыспен қамту, экологиялық талаптарды сақтау және басқа да бірқатар мәселе талқыланды.
Үкімет басшысы «ҚазМұнайГаз» АҚ мен уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған кен орындарындағы тұрақты өндіру деңгейін және мемлекеттік бюджетке түсімдердің ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсілдерді қолдады.
Сондай-ақ жиында «Теңізшевройл» ЖШС жұмысының өзекті мәселелері қаралды.