×

Қазақстанда Airbus тікұшақтары құрастырыла бастады

Кәсіпорында H145, H125 ұшақтары жиналды

 Дәурен Ерболат 07.04.2023 | 17:35
Фото: web.helirescue.at

«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» зауытында Airbus тікұшақтары құрастырыла бастады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Airbus Helicopters H145-тің алғашқы данасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді.

Тікұшақтың сапасы әлемдік стандартқа және Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) қойған талаптарға сай келеді. Мысалы, 2019 жылы H145 Анд тауындағы Аконкагуа шыңына (6961 метр) сәтті қонып, техника өзін оң жағынан көрсетті, - деді «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов.

ТЖМ балансында отандық және шетелдік тікұшақтар (H145, H130) бар. Сондай-ақ зауытта құрастырылған H125 тікұшағы Dala Air әуе компаниясына берілді. Әуе кемесі әмбебаптығы, қауіпсіздігі, бағасымен бәсекелестерінен озып тұр. Ол 7 мың метр биіктікке дейін көтеріле алады.

Бұл тікұшақтар іздестіру-құтқару жұмыстарында, медициналық көмек көрсету мен санитарлық іс-шаралар жүргізуде, жабайы аңдар мен жануарларды санауда, орманға бақылау жасағанда пайдаланылады. Әуе кемесі Қазақстанның климаттық және географиялық жағдайына қолдануға толық жарамды, әрі биік тауларға қона алады, әрі ыстықта ұша алады, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» – ТМД кеңістігінде Airbus тікұшақтарын құрастырып, техникалық қызмет көрсететін жалғыз кәсіпорын. Ол «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен Airbus Helicopters компаниясының бірлескен жобасы болып саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама