Олардың саны 2 есе өскен
Ақбөкенді атқан адамдарға 5-7 млн теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев айтты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Соңғы 5 жылда өңірде ақбөкендерді ату, тасымалдау дерегі тіркелмеген.
Былтырға қарағанда олардың саны 2 есе өсті. Бүгінде 1 млн 318 мың, – деді Руслан Төлепбаев.
Сондай-ақ ол киіктерді атуға қатаң тыйым салынғанын атап өтті.
Мұндай заңсыздықтар болса, 5-7 млн теңге айыппұл салынады әрі 3-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді иснпекция басшысы.