×

«Қыздарға салық салынуға тиіс». Қарақат Әбденнің ұсынысын өз фракциясы қолдамады

Ол өз бастамасын Парламенттің төменгі палатасында көтеретінін айтқан

 Дәурен Ерболат 07.04.2023 | 16:00
Фото: gazshak

Мәжілістегі «Ауыл» фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев депутат Қарақат Әбденнің шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына салық салынуға тиіс деген ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарақат Әбден – «Ауыл» фракциясының мүшесі. Фракция бұл мәселені көтермейді әрі оған қызықпайды. Біз басқаға басымдық береміз, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен сияқты күрделі мәселелерді көтереміз, - деді Анас Баққожаев Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, былтыр президент сайлауына түскен Қарақат Әбден шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына салық салуды ұсынған болатын. Содан кейін ол депутат атанып, бұл мәселені заң деңгейінде көтеретінін айтқан.

Осыған дейін барлық көтерген мәселемді қазіргі қызметімде жалғастырамын. Шетелдіктермен некеге тұрғандарға салық салу ұсынысын әлі талқылау керек. Оның қалай жүзеге асатынын түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине қолдаймын, - деген еді Қарақат Әбден журналистерге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама