Қарағандыда психотроптық заттарды таратқан қыз ұсталды

Дастан Жұмабекұлы

Қазір сотқа дейінгі тергеу болып жатыр

фото: polisia.kz

Қарағандыда психотроптық заттарды әдейі жерге қалдырып, таратқан 20 жастағы күдікті қыз ұсталды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Гоголь көшесіндегі үйлердің бірінің жанында психотроптық заттарды әдейі жерге қалдырып жүрген күдікті қызды ұстады. Тінту кезінде одан ұнтақ заты бар 6 байлам тәркіленді. Оның үйін тексеру кезінде полицейлер тағы да 50 орамды тапты. Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерден тағы 2 орам табылды.

Орамда жалпы салмағы 4 грамм болатын психотроптық препарат болған.

Қазір ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.