Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Өзбекстанда сотталғандарға өз елінде жазасын өтеу мүмкіндігі беріледі

Көрші елдің Парламентінде Заң қаралды

 Дастан Жұмабекұлы 07.04.2023 | 13:46
Қазақстан мен Өзбекстанда сотталғандарға өз елінде жазасын өтеу мүмкіндігі беріледі
фото: ашық дереккөз

Сенаттың жалпы отырысында «Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айырылған адамдарды жазасын өтеуді жалғастыру үшін беру туралы келісімді (Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 6 желтоқсан) ратификациялау туралы» заңы қаралды. 

Келісімді ратификациялау арқылы оның күшіне енуі сотталғандарды беру саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастырады және екі елдің құзыретті органдарының осы саладағы өзара ынтымақтастығын одан әрі жетілдіруге қызмет етеді.

Бұл келісім Өзбекстан мен Қазақстан азаматтарына сот тағайындаған жазасын өз елінде өтеуге мүмкіндік береді.

Құжатқа сәйкес, сотталғандар тараптардың өтініштері негізінде заңда белгіленген тәртіппен ауыстырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама