Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Өзбекстан арасында туристік автобустар қатынайды

Көліктер бір жылда 10 мыңға дейінгі адамды тасымалдайды

 Дастан Жұмабекұлы 07.04.2023 | 11:36
Қазақстан мен Өзбекстан арасында туристік автобустар қатынайды
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның Ташкент облысының әкімшілігі Түркістан мен Ташкент облысының әкімшілік орталығы – Нурафшан қаласы арасында туристік автобустар қатынайтынын хабарлады.

Әкімшіліктің мәліметіне қарағанда, автобустар бір жылда осы бағыт бойынша 10 мыңға дейінгі адамды тасымалдайды.Сонымен қатар туристер бес күндік турда көрікті жерлерді тамашалай алады. Жоба туристік әлеуеті жоғары Бостондық, Паркент, Зәңгіата, Ахангаран, Чиназ аудандары мен Ангрен қаласын қамтиды. Кейін өңірдің басқа аймақтарына да сапарлауға мүмкіндік жасалады.

Осылайша, екі ел арасындағы ынтымақтастықты және туризм саласын дамыту мақсатында Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен жобаларды іске асырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама