Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов жұмыстан босатылды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Әсет Мағауов 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген.
- Иван Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған, Халықаралық валюта қорында және Азия даму банкінде тағылымдамадан өткен.
- Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Әртүрлі жылдары «Теңізмұнайгаз» АҚ, «Қазақойл» ЖАҚ, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ында еңбек еткен.
- 2008-2010 жылдары – Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
- 2010-2011 жылдары – Мұнай және газ вице-министрі.
- 2017 жылғы желтоқсаннан бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарды.
- 2019 жылғы сәуірде Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.