×

Вице-министр Әсет Мағауов қызметінен кетті

Ол министрдің орынбасары лауазымында 4 жыл отырды

 Дәурен Ерболат 07.04.2023 | 09:48
Фото: azattyq-ruhy.kz

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов жұмыстан босатылды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Әсет Мағауов 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген.

  • Иван Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған, Халықаралық валюта қорында және Азия даму банкінде тағылымдамадан өткен.
  • Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Әртүрлі жылдары «Теңізмұнайгаз» АҚ, «Қазақойл» ЖАҚ, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ында еңбек еткен.
  • 2008-2010 жылдары – Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
  • 2010-2011 жылдары – Мұнай және газ вице-министрі.
  • 2017 жылғы желтоқсаннан бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарды.
  • 2019 жылғы сәуірде Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама