Halyq Uni логотип
×

Петропавлда мектепте үш оқушыны балтамен жаралаған бала туралы тың дерек шықты

Прокуратурада өткен жиында мұғалімдер бала сыныптастарына шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты

 Халық үні 07.04.2023 | 08:29
Петропавлда мектепте үш оқушыны балтамен жаралаған бала туралы тың дерек шықты
Фото: pandaland.kz

Петропавлда оқушы мектепке балта алып келіп, үш баланы жаралаған. Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы осы оқиғаның мән-жайын айтты. Бұл туралы  «Астана» телеарнасы хабарлайды.

Ақпанда жасөспірім психиатриялық бақылауда тұрған. Енді бала бұған дейін де өзін-өзі өлтіруге оқталғаны белгілі болды.

Бала суицид жасауға оқталған соң, үш ай сабақтан қалған. Бірақ мұғалімдер баланың әрекетіне мән бермеген, – дейді прокурор.

«Бұл бала 2021 жылы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді», – деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.

Прокуратурада өткен жиында мұғалімдер бала сыныптастарына шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты.

Айта кетейік,13 ақпанда Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепте 3 оқушыны балтамен жарақаттады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама