Ол Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған
Лауазымды адамның өз құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс және ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануы фактісі бойынша іс қаралды (ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігі), деп хабарлады Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі.
«К. Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілеттігінен асыра пайдалана отырып, 2022 жылғы 5 қаңтарда болған оқиғаларды ескере отырып, өзінің лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға Департамент ғимаратын қорғау жөнінде шаралар қолданбауға; әкімшілік ғимараттан кетуге; қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген, соның салдары кейіннен ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеп соқтырды («құпия» деген белгіге байланысты басқа мән-жайды жария ету мүмкін емес).
Сот үкімімен К. 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Президентіне К.-ге қатысты Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді», - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.