×

УЕФА президенті қайта сайланды

Ол сайлауда жалғыз үміткер болды

 Дастан Жұмабекұлы 06.04.2023 | 17:58
фото: ашық дереккөз

Португалияның Лиссабон қаласында өткен УЕФА-ның 47-конгресінде Александер Чеферин Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті қызметіне қайта сайланды.

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының хабарлауынша, Александер Чеферин аталған одаққа тағы 4 жыл басшылық жасайды. Ол сайлау барысында жалғыз үміткер болды. Футбол маманы одаққа 2016 жылдан бері жетекшілік етіп келеді.

Александер Чеферин 1967 жылы Югославияда (қазіргі Словения) туған. 2005 жылдан бері футбол саласында қызмет атқарып келеді. 2011 жылы Словения футбол одағына басшылық етсе, 2011-2016 жылдары УЕФА заңгерлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама