Тоқаев орталық атқарушы органдар басшылары туралы жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдардың басшылары туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық орталық атқарушы органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімге қатысты болады.
Жарлыққа сәйкес орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары бір жыл ішінде халықпен тұрақты кездесулер өткізуі, ал кейін кездесулердің нәтижелері туралы БАҚ арқылы есеп беруге тиіс.
Жарлықтың толық нұсқасын сілтемеге өтіп оқи аласыз.