×

Қорғаныс, Сыртқы істер министрлерінен басқасы халықпен тұрақты кездесуге тиіс

Тоқаев орталық атқарушы органдар басшылары туралы жарлыққа қол қойды

 Ербол Тұрымбет 08.04.2022 | 09:09
көрнекі фото: liter.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдардың басшылары туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық орталық атқарушы органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімге қатысты болады.

Жарлыққа сәйкес орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары бір жыл ішінде халықпен тұрақты кездесулер өткізуі, ал кейін кездесулердің нәтижелері туралы БАҚ арқылы есеп беруге тиіс.

  • жыл сайын 1 желтоқсанға дейін орталық атқарушы органдар алдағы күнтізбелік жылға арналған кестені қалыптастыру үшін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жіберуге тиіс;
  • жыл сайын 15 желтоқсанға дейін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган кестенің жобасын ҚР премьер-министрінің кеңсесіне енгізеді.
  • жыл сайын 10 қаңтарға дейін ҰР Үкіметі кестені бекітеді.

Жарлықтың толық нұсқасын сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама