Ұшақтардың саны көбейсе билет арзандайтын болады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов биыл елімізге 11 жаңа ұшақ жеткізілетінін айтты.
Әуе рейстерінің санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп, ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14-і сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін паркке тағы 42 ұшақ қосылады. Осы орайда ұшақтардың саны 132-ге жетеді, – деді ол Сенаттың еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты өткен жиынында.
Оның айтуынша, ұшақтардың саны көбейген жағдайда тұрақты рейстер артып, билет арзандайтын болады.