Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында бала күтуші сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді

Нәрестенің анасы полицияға арыз жазып, шара қолдануды сұрап отыр

 Дастан Жұмабекұлы 06.04.2023 | 17:02
Алматы облысында бала күтуші сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді
фото: ашық дереккөз

Алматы облысында бала күтушіге қалдырған 2 жасар сәби қайтыс болды.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бұл мәліметті Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі растаған.

Прокуратураның мәліметіне қарағанда, биыл 25 наурызда Талғар аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне әйел адам хабарласып, бала күтушінің үстінен арыз түсірген. Ол 2 жасар баласын 30 жастағы күтушіге қалдырғанда қайтыс болғанын айтып, оған шара қолдануды сұраған.

 Ш. есімді азамат (бала күтуші) табыс табу мақсатында 5-6 ай бойы осы отбасында бала күтуші ретінде жұмыс істеген. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі («Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау») бойынша тіркелді. 2023 жылғы 26 наурызда қылмыстық құқық бұзушылықты ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігінде («Кісі өлтіру») қайта саралау туралы шешім қабылданды, – деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

6 сәуірде Талғар аудандық прокуратурасы полиция басқармасының тергеушісі күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхат жолдады. Аудан прокуратурасы өтінішті қолдап, оны қарау үшін тергеу сотына жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама