Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып, жолға күкірт қышқылы төгілді, деп хабарлады Altaynews.kz.
Көлік апаты Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Үлкен Нарын – Рахман қайнары тасжолында болды.
Облыстық экология департаментінің мәліметінше, жүк көлігі тасжолдың 136-шақырымында жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылған.
Цистернадан жерге шамалы күкірт қышқылы төгілді, - деді облыстық экология департаментінің өкілдері.
Мамандар күкірт қышқылының құрамын және топыраққа қаншалықты сіңгенін анықтау үшін сынама алды.