Тоқаев Тортаевты қызметінен босатты
Ол соңғы лауазымын 2019 жылдың сәуірінен бастап атқарып келген
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Тортаевты қызметінен босатты.
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетсек, Бауыржан Тортаев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін 2019 жылдың сәуірінен бастап атқарып келген.