×

Футболдан Қазақстан құрамасы үздік атанды

ФИФА тізімінде 112-орынға шықты

 Дастан Жұмабекұлы 06.04.2023 | 16:17
фото: ашық дереккөз

Еуропаның футбол қауымдастығы (УЕФА) Қазақстан ұлттық құрамасын Дания командасын 3:2 есебімен жеңгеннен кейін 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі екінші турының үздік құрамасы деп таныды.

Ал ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания командасының қақпасына салған голын әуелі үздік гол номинациясы қатарына қосты. Одан кейін ол дауыс берудің нәтижесінде екінші турдың үздік голы деп аталды. Сонымен бірге ұлттық құрама Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (FIFA) жариялаған әлемдік рейтингте 112-орынға көтерілді.

Биыл Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде екі матч өткізді. Алғашқы матчта Словениядан 1:2 есебімен жеңілгенмен, кейін «Астана-Аренада» 0:2 есебімен ұтылып жатып, Данияны 3:2 есебімен жеңді.

ФИФА рейтингі. 6 сәуір, 2023 жыл:

1. Аргентина – 1840.93 ұпай;

2. Франция – 1838.45 ұпай;

3. Бразилия – 1834.21 ұпай;

4. Бельгия – 1792.53 ұпай;

5. Англия – 1792.43 ұпай;

6. Нидерланд – 1731.23 ұпай;

7. Хорватия – 1730.02 ұпай;

8. Италия – 1713.66 ұпай;

9. Португалия – 1707.22 ұпай;

10. Испания – 1682.85 ұпай;

19. Дания – 1594.53 ұпай;

56. Финляндия – 1405.31 ұпай;

59. Словения – 1398.47 ұпай;

62. Солтүстік Ирландия – 1385.93 ұпай;

111. Кипр – 1179.45 ұпай;

112. Қазақстан – 1177.05 ұпай;

113. Гвинея-Бисау – 1172.3 ұпай;

211. Сан-Марино – 759.12 ұпай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама