Қаруы бар елордалықтардың саны артқан

Дәурен Ерболат

Жағдай полицейлердің бақылауында

Фото: lenta.ru

Астанада қару-жарақ ұстайтын тұрғындардың саны өсіп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Азамат Әмен айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, елордада халықтың саны жыл сайын көбейіп келеді.

Сондай-ақ Астанада қару-жарақ ұстайтындардың саны жылына 500-ге артады. Жалпы (қаруға) сұраныс бар. Біреулер жеке басын қорғау үшін алса, екінші бір топ спорт үшін, тағы біреулер аң аулауға алады. Қару ұстау негізінен осы үш мақсатқа беріледі, - деді Азамат Әмен.

Осыған қарамастан қалада қылмыс саны азайған.  

«2015 жылдан бері травматикалық қаруды сатып алу акциясы ұйымдастырылады. Содан бері қарумен жасалған қылмыс саны айтарлықтай төмендеді. Мектепте қару-жарақты қолдану бойынша профилактикалық іс-шара өткізіледі. Сондай-ақ қару-жарақ дүкендерінің иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіледі», - деді ол.