Балаларға көмек көрсету жалғасын табады
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып Мәжіліс депутаты, тележурналист Мақсат Толықбаев сайланды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Қордың мәліметінше, қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында бірқатар шешім қабылданған. Жиында «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды роботтандырылған құралдармен (экзоскелетпен) қамтамасыз ету» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру мерзімі 2023 жылға ұзартылды.
Айта кетейік, Мақсат Толықбаев – «Халық сүйіктісі – 2020», «Адал тұлға – 2021», сондай-ақ «Үздік тележүргізуші» (2016, 2019 жылдары) байқауларының жеңімпазы.