×

Семейде мысықты өлтірген ер адам жазаланды

Ол өз кінәсін толық мойындады

 Дәурен Ерболат 06.04.2023 | 13:41
Фото: elements.envato.com

Семейде ер адам мысықты өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Түнде 26 жастағы ер адам темекі тарту үшін пәтерінен тұрғын үйдің кіреберісіне шыққан. Сол сәтте ол кіші дәретін жіберіп тұрған мысықты көрген. Ер адам оны кіреберістен далаға лақтырып жібермек болған. Алайда мысық қашып үлгерген. Осыған қарамастан семейлік тұрғын оны тауып алып, ұрып өлтірген.

Бұл жағдай кіреберісте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін толық мойындады.

Судьяның шешімімен ол 90 сағат қоғамдық жұмысқа тартылатын болды. Сотталған ер адам қала көшелерін қоқыстан тазалайды.

Абай облысы ҚАЖД Семей қаласының орталық ауданының пробация қызметі ер адамды жергілікті атқарушы органға жіберді. Бүгінде ол қала көшелерін қоқыстан тазалап жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама