Halyq Uni логотип
×

Kazakhmys Energy компаниясына айыппұл салынды

Қызметкерлер сапасы күмән келтіретін құралдарды пайдаланған

 Дәурен Ерболат 06.04.2023 | 12:35
Kazakhmys Energy компаниясына айыппұл салынды
Фото: wikipedia.org

Kazakhmys Energy ЖШС-ға тиесілі компанияларды тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлады СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.

Комитеттің Ұлытау облысы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп, құрамына «Жезқазған ЖЭО» және «Балқаш ЖЭО» кіретін Kazakhmys Energy ЖШС-ында тексеру жүргізді.

Тексеріс барысында техникалық монометрлер, қысым датчиктері сияқты мерзімі өткен 40 өлшем бірлігін қолдану дерегін анықтадық. Тексерілмеген өлшеу құралдарын қолдану «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңның 19-бабы 1-тармағын бұзу болып саналады, - деп жазылған хабарламада.

Ұлытау облысы прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент қызметкерлері компанияның үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды.

Kazakhmys Energy ЖШС-нің құқықбұзушылық жасау фактісін мойындауына байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабына сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен компанияға 800 АЕК (2 млн 760 мың теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бүгінде айыппұл толық төленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама