Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында терминалдан өтуге шектеу енгізіліп жатыр
Бұл шектеу 1 маусымға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі
Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Т1 терминалының алдынан өтуге жолаушылар үшін шектеу енгізіледі, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Себебі, қазір Т1 терминалының шатырынан су ағып жатыр. Осы кемшіліктерді жою үшін Mabco Constructions SA құрылыс компаниясы Астана халықаралық әуежайының ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастаған.
Осыған байланысты биыл 1 сәуір мен 1 маусымы аралығында Т1 терминалының алдынан өту кезең-кезеңімен шектеледі. Астана әуежайының жолаушылары мен қонақтарынан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.