×

Атырау облысының әкімі ауысты

Ал өңірдің бұрынғы басшысының бұл қызметтен кететіні жайлы сыбыс былтырдан бері тараған

 Айнұр Асылбекқызы 07.04.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөзден

Бүгін, 7 сәуірде премьер-министр Әлихан Смайылов Атырауға жаңа әкімді таныстыру үшін келді. Жаңа әкім болып еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов тағайындалды.

Шәпкенов өзінің тұйықтығымен әрі БАҚ өкілдерімен ашық тілдесуден қашқақтайтын шенеунік ретінде жақсы таныс.

Ал Махамбет Досмұхамбетовтің бұл лауазымды босататыны туралы сыбыс былтырдан бері, оның орынбасарлары бірінен соң бірі жемқорлықпен ұстала бастағаннан айтылды.

СЕРІК ШӘПКЕНОВ

Ол 1979 жылы БҚО Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары БҚО әкімі аппаратының құрылымында жұмыс істеді.

2012 жылғы тамыздан бастап 2015 жылғы қаңтарға дейін - БҚО әкімінің бірінші орынбасары. 2015 жылғы қаңтардан бастап 2016 жылғы шілдеге дейін - президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

2016 жылғы шілдеден бастап 2018 жылғы маусымға дейін - Атырау қаласының әкімі. 2018 жылғы маусымнан бастап 2020 жылғы маусымға дейін - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылғы маусымнан бастап 2021 жылғы қаңтарға дейін - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2021 жылғы 18 қаңтарда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама