Күдікті өз әрекетін түсіндіре алмаған
Павлодарда полиция жалаңаш жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлады Telegram-дағы Polisia арнасы.
5 сәуірде сағат кешкі 17:30 шамасында қаладағы Лермонтов көшесінде жалаңаш жүрген 31 жастағы ер адам ұсталды. Ол – Павлодар қаласының тұрғыны.
Оны тәртіп сақшылары полиция бөліміне жеткізді. Алайда ер адам өзінің көшеде неге киімсіз жүргенін түсіндіре алмаған.
Бұл дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Материал әкімшілік шара қабылдау үшін сотқа жіберіледі.