Halyq Uni логотип
×

Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажет

 Динара Амантай 06.04.2023 | 09:36
Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда, геологиялық барлауға халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар қаралды. Талқылау барысында премьер-министр тау-кен металлургия кешенінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажеттігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама