1 900-ге жуық адам аурудан емделіп жатыр
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны азайды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырған.
Бүгінде 1 854 адам COVID-19-дан (1 681+ және 173 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 173 пациент стационарда, 1 681 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 5 науқастың жағдайы ауыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше 74 адам коронавирус жұқтырған еді.