Бибісара Асаубаева FIDE Гран-приінің шешуші кезеңіне қатысуға шақырту алды
Үш шахматшының еншісінде бірдей балл
Бибісара Асаубаева Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің 3-кезеңінде 2-орын алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз шешуші, 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады.
Осы тұста бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпайға қол жеткізгенін айта кетейік. Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш бойынша 2-орын алды. Ал бұл кезеңде ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина тай-брейк бойынша жеңіске жетті.
Бірдей ұпай жинаған 3 ойыншы 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды бірдей бөліседі.
Айта кетейік, Гран-придің шешуші 4-кезеңі Кипр астанасы Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Бибісара бұл кезеңге шақырту алған 12 шахматшының арасында бар.