Рахмоновтың ізімен: тағы бір қазақ файтері UFC ұйымымен келісімшартқа отырды
Ол 16 мәрте жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.
Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-мен келісімшарт жасасты.
Бұл туралы Dar Team командасының PR-менеджері Зарина Буенбаева мәлімдеді.
29 жастағы Алмабаев ММА-де 16 мәрте жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. 2022 жылы BRAVE Combat Federation нұсқасы бойынша үздік файтер атанған.
Алмабаев Шавкат Рахмоновтың командасында жұмыс істейді: ол соңғы жекпе-жекке дейін Рахмоновтың жаттығу процесіне қатысып, секунданты болды.