Кандидаттар қатарына Түркия қосылды
2036 жылғы жазғы Олимпиялық және Паралимпиялық ойындарды Ыстамбұл қаласында өткізу үшін Түркия үміткер елдер қатарына қосылды. Бұған дейін Оңтүстік Корея, Қатар, Германия, Мексика, Венгрия, Египет, Үндістан мен Индонезия үміткерлер қатарына кірген болатын.
Бұл туралы Түркия президент Режеп Тайып Ердоған мен Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахпен кездесуінде белгілі болды.
Ыстамбұл бұған дейін ең кейінгі Олимпиаданы өткізу үшін де үміткер болған. Жарыс қорытындысында Токио қаласы жеңіске жеткен еді.
Еске сала кетсек, алдағы жазғы Олимпиялық ойындар 2024 жылы Парижде (Франция), 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) және 2032 жылы Брисбенде (Австралия) өтеді.