Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары талқыланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.
Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді.
Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы қызметіне 3 жыл мерзімге тағайындалған еді.
2022 жылғы 23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысушылар ұйымның Бас хатшысы қызметіне Иманғали Тасмағамбетовті тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.