Семейде адамдардың үстіне үйдің төбесі құлаған
Құтқарушылар 41 жастағы әйел мен оның баласын құтқарды
Семей қаласының құтқарушылары құлаған шатыр үйіндісінің астынан әйел мен баланы құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 09:34-те Семей қаласының «112» пультіне Сырлыбаев көшесінде жеке үйдің төбесі құлағаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына Абай облысының құтқару бөлімшелері дереу шықты. Сағат 09:42-де шақыру орнына келгеннен кейін, қонақ бөлмесінде тұрғын үйдің төбесі құлағаны анықталды. Құтқарушылар дереу барлауға кірісті. Барлау барысында олар үйінділердің астынан 41 жастағы әйелді және оның 1 жасар баласын құтқарды.
Құтқару бөлімшелері келгенге дейін үй иесі мен оның 11 жастағы қызы өз бетінше шыққан, ал 3 жасар баланы көршісі құтқарды.
Жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің қарауынан кейін зардап шеккендердің барлығы Семей қалалық ЖМЖА-ға жатқызылды.
Құлау алаңы 24 шаршы метрді құрады.
Құтқару операциясына Абай облысы ТЖД жеке құрамынан барлығы 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.