Оралда М. Мәметова атындағы халықаралық әуежай терминалы іске қосылды
28 наурызда Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді
Орал қаласындағы әуежайдың аэровокзал кешенін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жаңа терминалдың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қатысты.
Құрылысқа жұмсалған материалдардың 60% - қазақстандық өнім. Атап айтқанда, әуежай құрылысында пайдаланылған шыны, керамикалық плиткалар, санфаянс және басқа да материалдар өз елімізде шығарылған өнім.
Халықаралық әуежай терминалын облыстық құрылыс компаниялары салынған. Терминалдың аумағы 10 мың шаршы метрді құрайды, жолаушылардың орташа ағыны жылына 600 мың адамға жетеді. Әуежайдың жаңа терминалы IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) халықаралық стандарттарына сәйкес.
«Әуежайдың заманауи инфрақұрылымы оны «ашық аспан» режиміне қосуға ықпал етіп, шетелдік авиакомпанияларды тартуға мүмкіндік береді. Жаңа әуежай жолаушылар санын арттыра түсіп, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, сонымен бірге өңірде туризм саласын дамытуға қуатты серпін береді деп күтілуде», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.
Айта кетерлігі, биыл наурыз айында Үкімет қаулысымен Орал қаласындағы әуежайға Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың есімі берілді.
Нұрлыбек Рахманов, БҚО