Halyq Uni логотип
×

Білім басқармасы қызметкерлері Kundelik.kz-ке мектеп асханасындағы мәзірді орналастырғаны үшін ақша алған

400-ден астам мектепке қызмет көрсететін 117 кәсіпкер Kundelik-ке шамамен 9 млн теңге төлеген

 Халық үні 05.04.2023 | 06:05
Білім басқармасы қызметкерлері Kundelik.kz-ке мектеп асханасындағы мәзірді орналастырғаны үшін ақша алған
Фото: stan.kz

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің атап өтуінше, жоба шеңберінде білім басқармасының қызметкерлері мектеп асханасын ұстайтын кәсіпкерлерге «Kundelik» порталына фото-мәзірді ақылы негізде орналастыруды ұсынған фактілер анықталған. Нәтижесінде 400-ден астам мектепке қызмет көрсететін 117 кәсіпкер Kundelik-ке шамамен 9 млн теңге төлеген.

«Біздің бастамамыз бойынша тамақтану қызметтерін жеткізушілердің, Оқу-ағарту министрлігінің, елорда әкімдігінің және «Kundelik» ЖШС өкілдерінің қатысуымен кеңес ұйымдастырылды. Мәзірді тегін орналастыру туралы шешім қабылданды. Осы кеңестен кейін Оқу-ағарту министрлігі барлық әкімдіктерге ақы алуға жол бермеу туралы хат жолдады» - деді Саян Ахметжанов.

Агенттіктен мәлім еткендей, «Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598» бұйрығына сәйкес, мәзірдің фотосуреті мектептің интернет-ресурсында тегін жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама