Желіде Дәулет Тұрлыхановтың ұлының төбелесінен видео жарияланды
Заңгер видео өзінде, жұбайында және Алматы Бостандық ауданы ПБ полиция қызметкерлерінде болғанын атап айтты
Алматылық заңгер Анна Димитриевич даңқты спортшы, қазіргі Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлының төбелесінен видео жариялады.
Анна Димитриевич видео әлеуметтік желілерде тараған соң Instagram-дағы парақшасында жариялағанын мәлімдеді.
Заңгер видео өзінде, жұбайында және Алматы Бостандық ауданы ПБ полиция қызметкерлерінде болғанын атап айтты.
«Видеоны тарату біздің бастамамыз емес екенін бірден айтайын», ‒ деп жазды Димитриевич.
Еске сала кетсек, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтерген.
Нұрасыл Болатқа қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі, яғни «Екі және одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.