Halyq Uni логотип
×

Нұрлан имам сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеу керектігін айтты

Имамның айтуынша, імде-кім сәресіне тұрмай қалса, онда адам ертеңіне ораза болып кете береді

 Халық үні 05.04.2023 | 01:08
Нұрлан имам сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеу керектігін айтты
фото: видеодан скриншот

Танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы қасиетті Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеу керектігін айтты. Бұл туралы Нұрлан имам Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Біз кешке ауыз ашып, ауызашар дұға оқыған кезде бүгінгі күннің ауыз ашуына шүкір айтамыз және кешке ауызашарда «ертеңгі күнге ниет еттім» дегенді қосамыз. Сондықтан, кімде-кім сәресіне тұрмай қалса, онда адам ертеңіне ораза болып кете береді. Оған қоса түске дейін ниетін жаңалап алса, жақсы болады. Бірақ сәресін ішпейді ол күні. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәресін ішуге шақырған. Сәресінің өзі ниет болып есептеледі. Мен оянып, сәресін ішем дегенімнің өзі ниет болады. Демек, бұдан шыққан сөз: сәресін іше алмай қалса, оразасы жалғаса береді», - дейді Нұрлан имам.

Бұған дейін Нұрлан қажы Байжігітұлы ауызашарды шоуға айналдырмауға шақырған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама