×

Алматыдан 538 шақырым жерде 5,6 магнитудалық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 538 шақырым жерде Қытайда орналасқан

 Халық үні 04.04.2023 | 23:41
Фото: caspian.news

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 21:59-да жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 538 шақырым жерде Қытайда орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.3. MPV магнитудасы - 5,6. Эпицентр координаттары - 38,86°, солтүстікке қарай - 74,07°Ш. Тереңдігі - 10 км. Байқағыштық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 4 сәуір күні сағат 7:26-да Алматыдан оңтүстікке қарай 286 шақырым қашықтықта Қытай аумағында 4,3 магнитудалық жер сілкінісі болды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама