×

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

Ал өңірдің бұрынғы басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен кетті

 Халық үні 07.04.2022 | 13:52
Нұрлыбек Нәлібаев, фото: primeminister.kz

Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Ал аймақтың бұрынғы басшысы Гүлшара Әбдіқалықова лауазымынан босатылды.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ

1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. — жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2005-2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 

2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008-2013 жж. — Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі. 

2013-2021 жж. — Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімі. 2021 жылғы сәуірден бастап — премьер-министр кеңсесі өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қазақстанда Әдеп жөніндегі үздік уәкілдер анықталды

Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті
09.06.2023 | 14:07

Президент Босния және Герцеговина Президиумының төрағасымен кездесті

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді
09.06.2023 | 13:51

Қуантыров Қазақстанның санкцияларды айналып өтетін аумақ еместігін ескертті

Жалпы, санкция салатын – сіздер, зардап шегетін – біз, - деді министр
09.06.2023 | 13:34

Қазақстанда терроризмді қаржыландыруға қарсы жүйе қалыптасқан – халықаралық сарапшылар

Өзара бағалау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы стандартты мониторингке қойылды
09.06.2023 | 13:13