6 облыста қар тез еріп жатыр
Мамандар жағдайды бақылап отыр
Дәурен Ерболат
04.04.2023 | 17:21
Қазақстанда 6 өңірде қар тез еріп жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде ел аумағының 16%-ын қар басқан.
Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының шағын таулы аумақтарында қар әлі де бар. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Абай облыстарында қар тез еріп жатыр, - деп жазылған хабарламада.