Өзбекстанда ТМД елдері Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді
Ташкентте елшілермен кездесу болды
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесу өтті.
Ведомствоның мәліметіне қарағанда, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахром Аълоев Әзербайжанның осы елдегі елшісі Хусейн Гулиевпен, Беларусь елшісі Леонид Мариничпен, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұловпен, Қырғызстан елшісі Муса Жаманбаевпен, Ресей елшісі Олег Малгиновпен, Тәжікстан Республикасының елшісі Абдуджаббар Рахмонзодамен және Түркіменстанның елшісі Язгули Мамедовпен кездесті.
Кездесуде тараптардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы ынтымақтастығының түрлі аспектілері мен бірлескен бағдарламаларды іске асыру барысы талқыланды, - делінген хабарламада.
ТМД-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің Өзбекстанда өтетін отырысына дайындықтың ұйымдастырушылық, хаттамалық және мазмұндық аспектілері бойынша пікір алмасылды.